Выбери свою страну
Выбери свой язык
Промо-өнімді
сатып ал
3698
нөміріне коды
бар СМС жолда
Телефоныңа
ақша ал
1 000 000 ТГ
ұту ойынына
қатысамын
Ұтыс күні
Телефон нөмірі
Аты-жөні
Науқанға қалай қатысуға болады?
«Дәулетті болып оян» промо-науқанына қатысу үшін науқан кезеңінде (14.01.19-14.06.19) промо-өнім сатып алып, кодты СМС арқылы тіркеу қажет.
СМС-ті қайда жолдау керек?
СМС-ті 3698 қысқа нөміріне жолдау керек. Барлық жағдайда да СМС құнын қатысушыға қызмет көрсететін ұялы оператор белгілейді.
Код деген не және оны қайдан табуға болады?
Промо-код дегеніміз – NESХXXXXXXXX түріндегі 12 мәнді код, мұндағы NES барлық промо-кодтар үшін бірыңғай болып табылатын префикс, ал Х – әр промо-код үшін бірегей болып табылатын әріптер мен сандардың комбинациясы. Промо-код промо-өнім қаптамасының ішінде болады.
Науқанға қандай өнім қатысады?
Науқанға «Дәулетті болып оян» деген науқандық жарнамасы бар 4 NESCAFÉ Classic өнімі қатыстырылады:
• NESCAFÉ Classic 75гр
• NESCAFÉ Classic 150гр
• NESCAFÉ Classic 250гр
• NESCAFÉ Classic Crema 70гр

«Дәулетті болып оян!» ынталандырушы іс-шарасын

(«Науқанын») өткізу

ЕРЕЖЕСІ

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы «Жарнама туралы» № 508-II заңына сәйкес, ынталандырушы іс-шара тұтынушылардың назарын «NESCAFÉ Classic» тауар брендімен өндірілетін өніміне аудартуға бағытталған.

Қатысушылар ынталандырушы іс-шараға (әрі қарай - «Науқан») қатыса отырып, осы Ережемен (әрі қарай - «Ереже»), сондай-ақ Құпиялылық саясатымен (әрі қарай - «Саясат») толық келіседі. Құпиялылық саясаты Ереженің ажырамас бөлігі болып табылады, www.classic-promo.kz Интернет-сайтына (әрі қарай - «Науқанның сайты») жарияланған.

Осы Ереженің мақсаттары үшін Науқанға қатысушылар дегеніміз – осы Ереженің 6-тармағында көрсетілген тұлғалар (әрі қарай – «Қатысушылар»).

«Дәулетті болып оян!» жарнама Науқанын өткізудің жалпы ережесі.

Науқанның атауы: «Дәулетті болып оян!»

Науқан өткізілетін аумақ: Қазақстан Республикасы.

Науқанға қатысу Қатысушылардың ақы төлеуін талап етпейді және қауіп-қатерге негізделмеген.

Науқанды өткізудің мақсаты: аудиторияны іс-әрекетке қатыстыру және/немесе сатып алушылардың «NESCAFÉ Classic» тауар брендіне бейілділігін арттыру, тұтынушылардың «NESCAFÉ Classic» тауар брендінің өніміне деген сұранысын ынталандыру, тұтынушылардың назарын «NESCAFÉ Classic» тауар брендінің тауарларына аударту, оларға деген қызығушылығын арттыру және қолдау.

Науқанды Ұйымдастырушы және оған Тапсырыс беруші туралы мәліметтер

2.1. Науқанды Ұйымдастырушы, яғни Науқанды өткізуді тікелей немесе Тапсырыс беруші арқылы ұйымдастыратын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға – «Pro-Triniti» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып табылады; Орналасқан мекенжайы: 050010, Алматы қ., Зенков көшесі, 22 үй (әрі қарай - «Ұйымдастырушы»).

2.2. Науқанға Тапсырыс беруші, яғни Науқанды өткізу үшін Науқанды Ұйымдастырушымен шарт жасасқан, оның атынан және тапсырмасы бойынша әрекет ететін, тиісті техникалық құралдары бар, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға – «Нестле Фуд Қазақстан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып табылады.

Науқанды өткізу мерзімі

3.1. Науқанға қатысу үшін сатып алушының Науқанға қатысатын Өнімдерді (осы Ереженің 5-тармағында көрсетілген) сатып алу мерзімі: 2019 жылдың «14» қаңтары мен 2019 жылдың «14» сәуірі аралығы.

3.2. Науқанға қатысатын Өнім қораптарындағы промо-кодтарды іске қосу мерзімі: 2019 жылдың «14» қаңтары Астана уақыты бойынша 00 сағат 00 минуттан 2019 жылдың «14» маусым 23 сағат 59 минутқа дейін.

3.3.Науқанға қатысушыларға кепілдендірілген Жүлделер беру мерзімі: 2019 жылдың «14» қаңтары Астана уақыты бойынша 00 сағат 00 минуттан 2019 жылдың «17» маусым 23 сағат 59 минутқа дейін.

Науқан туралы хабарлау тәсілдері

4.1Тұтынушыларға (Науқанның ықтимал қатысушылары), сондай-ақ Қатысушыларға Науқанды өткізу ережелері мен мерзімдері мынадай тәсілдермен хабарланады:

Жарнама Науқанын өткізу ережелері, Науқанды Ұйымдастырушы, оны өткізу ережесі, Науқан нәтижелері бойынша жүлделер саны, оларды алу мерзімдері, орны мен тәртібі туралы ақпарат Науқан Сайтына жарияланады;

«NESCAFÉ Classic» тауар брендінің мынадай өнімдері қаптамаларына жарияланады:

NESCAFÉ Classic, 75гр

NESCAFÉ Classic, 150гр

NESCAFÉ Classic, 250гр

NESCAFÉ Classic Crema, 70гр

Науқанға қатысатын өнімдер

5.1. Науқанға «NESCAFÉ Classic» тауар брендінің науқандық қаптамадағы мынадай өнімдері (әрі қарай «Өнімдер») қатыстырылады:

NESCAFÉ Classic, 75гр

NESCAFÉ Classic, 150гр

NESCAFÉ Classic, 250гр

NESCAFÉ Classic Crema, 70гр

5.2. Науқан өткізілетін мерзімде Науқанға қатысатын Өнім ассортименті Қазақстан Республикасы аумағы дүкендеріндегі тауар қорларымен анықталады.

Науқанға қатысу шарттары

6.1. Науқанға осы Ереженің 8-тармағын іске асырған, Қазақстан Республикасы аумағында тұрақты тұратын, 18 жасқа толған, іс-әрекетке қабілетті Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. Тұлға осы Ереженің 8-тармағында көрсетілген сәттен бастап Науқанға қатысушы мәртебесіне ие болады.

6.2. Ұйымдастырушының және/немесе Тапсырыс берушінің қызметкерлері, Науқанға Ұйымдастырушының және/немесе Тапсырыс берушінің мүддесін қорғайтын тұлғалар, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері; белгіленген тәртіппен Ұйымдастырушымен және/немесе Тапсырыс берушімен үлестес деп танылған және Науқанды ұйымдастыруға және/немесе өткізуге қатысы бар тұлғалар, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері Науқанға қатыстырылмайды. Жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін тұлғалар Науқанға қатыса алмайды және жүлделер ала алмайды.

6.3.Қатысушылардың мынадай құқықтары бар:

6.3.1.Осы Ережеге сәйкес Науқан туралы ақпарат алу құқығы;

6.3.2.Осы Ережеде және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында қарастырылған өзге де құқықтар.

6.4.Науқанға Қатысушылардың міндеттері:

6.4.1.Науқанды өткізу кезінде оның Ережелерін сақтау;

6.4.2.Науқан сайтында Науқан туралы ақпаратты, оның ішінде Ереженің өзгергені туралы, Науқанды өткізу, уақытша тоқтату және тоқтату тәртібі туралы (бірақ мұнымен шектелмейді) ақпаратты өз бетінше бақылау;

6.4.3.Науқан ережесіне және Саясатына сәйкес, Ұйымдастырушыға толық, дұрыс және сенімді ақпарат беру;

6.4.4.Қатысушының Науқанға қатысуының заңдылығына күмән келтірген іс-әрекеттерін жүзеге асырмау;

6.4.5.Науқанға қатысатын Тауарды сатып алуды растайтын құжаттардың түпнұсқасын, атап айтқанда ішінде промо-коды бар қаптаманың түпнұсқаларын сақтау;

6.4.6.Осы Ережеде және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында қарастырылған өзге де міндеттерді сақтау.

Науқанның жүлде қоры

7.1.Науқанның жүлде қоры Ұйымдастырушының қаражаты есебінен құралады және мыналардан тұрады:

7.1.1.Кепілдендірілген жүлде - 100 (жүз) теңге, Қатысушы 75 гр. «NESCAFÉ Classic» тауар бренді өнімінің науқандық қаптамасындағы промо-кодты смс арқылы тіркеген кезде Ұйымдастырушы кепілдендірілген жүлдені Қатысушының ұялы телефон шотына аударады.

7.1.2.Кепілдендірілген жүлде - 300 (үш жүз) теңге, Қатысушы 150 гр. «NESCAFÉ Classic» тауар бренді өнімінің науқандық қаптамасындағы промо-кодты смс арқылы тіркеген кезде Ұйымдастырушы кепілдендірілген жүлдені Қатысушының ұялы телефон шотына аударады.

7.1.3.Кепілдендірілген жүлде - 500 (бес жүз) теңге, Қатысушы 250 гр. «NESCAFÉ Classic» тауар бренді өнімінің науқандық қаптамасындағы промо-кодты смс арқылы тіркеген кезде Ұйымдастырушы кепілдендірілген жүлдені Қатысушының ұялы телефон шотына аударады.

7.1.4. Кепілдендірілген жүлде - 150 (жүз елу) теңге, Қатысушы 70 гр. «NESCAFÉ Classic» Crema тауар бренді өнімінің науқандық қаптамасындағы промо-кодты смс арқылы тіркеген кезде Ұйымдастырушы кепілдендірілген жүлдені Қатысушының ұялы телефон шотына аударады.

7.1.5.Бас жүлде –1 000 000 (бір миллион) теңге, салық шығындары ұсталмайды. Науқанның Бас жүлдесін табыстау 14.06.2019 ж. мерзіміне дейін іске асырылады. 111 111 (жүз он бір мың жүз он бір) теңге мөлшеріндегі салық шығындарын Науқанды Ұйымдастырушы өтейді.

8. Науқанға қатысу тәртібі

8.1. Науқанға қатысу үшін Науқан өткізілетін кезеңде (Ереженің3.1-тармағы) Қатысушы 5-тармақта көрсетілген өнімді сатып алуы қажет. Әріптер мен сандардың комбинациясынан тұратын промо-код қаптаманың ішінде орналасады.

8.2. Бірегей кодты мына тәсілмен іске қосу керек:

8.2.1.Қаптаманың ішінен промо-кодты табыңыз. Промо-код дегеніміз – NESXXXXXXXXXтүріндегі 12 мәнді код, мұндағыNESбарлық промо-кодтар үшін бірыңғай болып табылатын префикс, ал Х – әр промо-код үшін бірегей болып табылатын әріптер мен сандардың комбинациясы.

8.2.2. 3698 нөміріне коды бар тегін смс жолдаңыз.

8.2.3.Кепілдендірілген жүлде, телефонға аударылатын қаражат 14.01.2019 - 14.06.2019 жж. кезеңі аралығында кодты тіркегеннен кейін ең көп дегенде, 72 сағаттың ішінде автоматты түрде түседі.

8.3.Кодты тіркеу мүмкіндігіне қойылатын шектеулер мыналар:

8.3.1. Код бұрын тіркелген.

8.3.2.Хабарлама форматқа сәйкес келмейді: жазу жолағындағы символ саны, символдардың форматы, жазылатын символдар қарпінің көлемі (жолақ регистрге сезімтал).

8.3.3.Науқан басталардан бұрын және аяқталғаннан кейін тіркеу.

8.3.4.Қатысушы модерациядан өткен 5 кодты тіркеді.

8.3.5. Жүлде саны жүлде қорының тиражымен шектелген, егер Жүлде қоры толық ойнатылса, жүлдеге тапсырыс беруге мүмкіндік берілмейді.

Науқанға қатысатын өнім атауы

Тиражы (дана)

NESCAFÉ Classic Crema 70 g

1,000

NESCAFÉ Classic 75 g

30,000

NESCAFÉ Classic 150 g

31,000

NESCAFÉ Classic 250 g

8,000

БАРЛЫҒЫ

70,000

8.3.6.5 қате кодты қатарынан тіркеуге тырысқан қатысушы 24 сағатқа бұғатталады.

8.3.7.Бұғаттау мерзімі аяқталғаннан кейін пайдаланушы тағы да 5 қате кодты қатарынан енгізсе, ол тағы да 24 сағатқа бұғатталады.

8.3.8.Екінші рет бұғатталған мерзімі аяқталған пайдаланушы тағы да 5 қате кодты қатарынан енгізсе, ол Науқанның соңына дейін бұғатталады.

8.3.9.Минутына 5-тен аса кодты тіркеуге тырысқан (сайт жағынан тексеріледі) қатысушы Науқанның соңына дейін бұғатталады.

8.3.10.Бір қатысушы промо-кодтарды тіркеу кезеңінде 150 гр, 250 гр«NESCAFÉ Classic» тауар бренді өнімдерінің науқандық қаптамасынан барлығы 5 код, 75 гр. «NESCAFÉ Classic», 70 гр. «NESCAFÉ Classic Crema» тауар бренді өнімдерінің науқандық қаптамасынан барлығы 8 код тіркей алады.

8.4. Қатысушының Өтінім жолдауы (8.2-тармақта көрсетілген ақпарат) оның осы Ережемен және Саясатпен танысқанын және онымен келісетінін білдіреді.

8.5. Қатысушы әрбір Бірегей кодты 1 (бір) реттен артық іске қоса алмайды.

8.6. Ұйымдастырушы мынадай өтінімдерді шараға қатыстырмайды:

8.6.1.Қатысушылардың осы Ереженің 3-тармағында көрсетілген мерзімді бұзып, 8-тармағында көзделген іс-әрекеттерді орындаған өтінімдері;

8.6.2.Қатысушылардың осы Ереженің 6-бөлімінде көзделген талаптарға сәйкес келмейтін өтінімдері;

8.6.3. Қатысушылардың осы Ереженің 8.1, 8.2, 8.3-тармақтарында көрсетілген талаптарын бұза отырып берген өтінімдері;

8.6.4.Қатысушылардың осы Ереженің басқа да ережелерін бұзған өтінімдері;

8.6.5.Қатысушының бағдарламалаудың қандай да бір ресурстарын пайдалану арқылы тіркелген бірегей кодтары. Қатысушының Шараға қатысу кезінде Шара Сайтындағы Бірегей кодтар туралы мәліметтерді автоматты түрде енгізуге және/немесе осындай кодтарды өндіруге мүмкіндік беретін бағдарламалық қамтамасыз етілімді немесе механикалық не электронды аспаптарды және/немесе құрылғыларды пайдалануға құқы жоқ. Ұйымдастырушы Шараға қатысу өтінімін қабылдаған кезде мұндай тәсілдермен тіркелген Бірегей кодтарды ескермейді.

8.7. Қатысушы берген ақпарат Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке мәліметтерге жататын болса, мұндай ақпаратты беру және өңдеу осы Ережеге, Құпиялылық саясатына және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

8.8. Ұйымдастырушы және Қатысушылар осы Ережеде көзделген іс-әрекеттердің бәріне қатысты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.

Бас жүлде алу шарттары

9.1. Бас жүлде ұту ойыны 17.06.2019 ж. 8.2.2-тармағына сәйкес, 14.01.2019 - 14.06.2019 кезең аралығында Өнімнің қаптамасында жарияланған промо-кодтарды смс арқылы тіркеген барлық Қатысушылар арасында мынадай формуламен өткізіледі:

9.1.2. Бас жүлдені алатын жеңімпаздарды анықтау құрамында Науқан Ұйымдастырушысының және Науқанға Тапсырыс берушінің кемінде бір өкілі бар комиссияның, нотариустың қатысуымен, тіркелген Кодтардың ішінен таңдау арқылы арнайы компьютерлік бағдарламаны пайдалана отырып өткізіледі (әрі қарай – «Комиссия»). Ұтыс ойынды өткізу барысы бейнеге түсіріледі. Ұтыс ойынның нәтижелері бойынша негізгі Жеңімпаз және жеңімпаз осы Ереженің талаптарына (6.1, 6.2, 9.1.5-тармақтарына) сәйкес келмеген жағдайда қосымша 2 (екі) жеңімпаз анықталады. Ұтыс ойын нәтижелері бойынша жеңімпаздарды анықтауға қатысқан комиссия мүшелері ұтыс ойын хаттамасына қол қояды. Комиссия мүшелерінің ұтыс ойыны хаттамасындағы қойған қолдарын нотариус растайды.

9.1.3. Жеңімпаз анықталғаннан кейін ұтысқа ие болған Қатысушыға телефон қоңырауын шалу арқылы хабарланады. Егер Науқан Жеңімпазының телефоны қызмет көрсету аясынан тыс жерде болса немесе Науқан Жеңімпазы 2 (екі) тәулік бойы Науқанды Ұйымдастырушы байланыссыз техникалық сипаттағы кез келген себеппен қоңырауға жауап бермесе, Науқан Жеңімпазы жеңіске жету мүмкіндігінен айырылады. Науқан жеңімпазы анықталғанша қордағы келесі Науқан Жеңімпазына 2 (екі) тәулік бойы осындай тәсілмен қоңырау шалынады.

9.1.4. Жеңімпаз (негізгі және қордағы 2 (екі)) осы Ереженің талаптарына (6.1, 6.2, 9.1.5-тармақтар) сәйкес келмеген жағдайда, сондай-ақ 9.1.3-тармаққа сәйкес Науқан Жеңімпазымен байланыс орнату мүмкін болмаған жағдайда жүлде Науқанды Ұйымдастырушының қарауында қалады.

9.1.5 Бас жүлде алу үшін Науқан Жеңімпазы ұтқаны туралы хабарлама алған сәттен бастап 7 (жеті) күнтізбелік күннен кешіктірмей мынадай мәліметтерді/құжаттарды ұсынуы қажет:

міндетті түрде ЖСН-і көрсетілген жеке куәліктің көшірмесі (екі жағынан);

ұтысты бірегей Коды бар қаптаманың түпнұсқасы;

банктік шотты ашу туралы анықтама немесе қолданыстағы карточка шотының реквизиттері;

egov.kz мемлекеттік қызметтер порталынан алынған мекенжай анықтамасы, ол порталда анықтаманы Науқан Ұйымдастырушысына бермей тұрып, екі күнтізбелік күннен бұрын жасалуы керек.

9.1.6. Жеңімпаз қаптаманың түпнұсқасын көлік компаниясының курьері арқылы Науқанды Ұйымдастырушыға береді. Қаптаманың түпнұсқасын жіберу шығындарының бәрін Науқанды Ұйымдастырушы өз мойнына алады.

9.1.7. Бас жүлде сомасы Науқан Жеңімпазы осы Ереженің 11.2-тармағында көрсетілген құжаттарды берген күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде оның бұрын ашқан банктік шотына ақша қаражатын өтеусіз беру туралы өткізу-қабылдау актісі (әрі қарай – Акт) негізінде аударылады.

Жеке мәліметтер

10.1.Науқанға қатыса отырып және өзінің жеке мәліметтерін еркін бере отырып, Қатысушы өзінің берген жеке мәліметтерін Науқанды Ұйымдастырушының өңдеу, оның ішінде, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» № 94-V заңында (әрі қарай «Заң») көзделген ережелерге сәйкес, осы Науқанды өткізу мақсаттарында оны өткізудің барлық мерзімінде және ол аяқталғаннан кейін 3 (үш) жылдың ішінде жинау, жүйелеу, жинау, сақтау, нақтылау (жаңарту, өзгерту), алу, пайдалану, тарату, дара биліктен айыру, бұғаттау, өшіру, жоюға келісім береді.

Қатысушы 050010, Алматы қ., Зенков көш., 22, «Pro-Triniti» ЖШС мекенжайына жүгініп, жеке мәліметтерін өңдеуге берген келісімін кері қайтарып ала алады.

Жеке мәліметтерін өңдеуге берген келісімін кері қайтарып алған жағдайда Қатысушы әрі қарай Науқанға қатыстырылмайды.

10.2.Науқанды өткізу мақсатында Ұйымдастырушыға аты-жөні, электронды пошта мекенжайы, байланыс телефоны, туған күні, жынысы тізіміне сәйкес жеке мәліметтер қажет.

10.3.Науқанға қатысу туралы шешім қабылдай отырып, Қатысушы өзінің ерікті түрде берген ақпаратын Ұйымдастырушы, оның уәкілетті өкілдері (Тапсырыс беруші және Ұйымдастырушы және/немесе Тапсырыс беруші Науқанды өткізу үшін қатыстыратын өзге де тұлғалар, әрі қарай бірге – «өзге серіктестер» деп аталады) осы Ережеге сәйкес Ұйымдастырушының және (немесе) жарнама агенттіктерінің Қатысушының қосымша келісімінсіз және оған қандай да бір ақы төлемей-ақ жарнама мақсаттарында өңдейтінімен келісетіндігін растайды.

10.4.Қатысушылар берген ақпарат Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, жеке мәліметтерге жататын болса, мұндай ақпаратты беру және өңдеу осы Ережеге, Құпиялылық саясатына, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес іске асырылады.

10.5.Қатысушылар өздерінің Науқанға қатысу үшін берген жеке мәліметтерін Ұйымдастырушы (Тапсырыс беруші, Ұйымдастырушымен жасалған шарт негізінде басқа да серіктестер) Науқанды өткізу мақсатында әртүрлі тәсілмен өңдейтінін түсінеді және онымен келіседі, сондай-ақ осы Ережені қабылдаған кезде осылайша өңдеуге келісімін береді, сондай-ақ осы Ереженің ажырамас бөлігі болып табылатын Құпиялылық саясатының шарттарын қабылдайды.

10.6.Науқанға қатысу фактісі еркін, нақты, ақпаратты және Ұйымдастырушының (Тапсырыс беруші және Ұйымдастырушының тапсырмасы бойынша әрекет ететін өзге де серіктестер) Қатысушының жеке мәліметтерін Науқанды өткізу мақсатына қажет кез келген тәсілмен және осы Ережеде көзделген тәртіппен өңдеуіне саналы түрде келісім беруі болып табылады.

10.7.Осы Ереженің мақсатындағы жеке мәліметтер дегеніміз – тікелей немесе жанама анықталған немесе анықталатын жеке тұлғаға (жеке мәліметтердің субъектісіне) қатысты кез келген ақпарат.

10.8.Осы Ережедегі жеке мәліметтерді өңдеу дегеніміз – автоматтандыру құралдарын пайдалану арқылы немесе мұндай құралдарды қолданбай-ақ, жеке мәліметтерге жасалатын кез келген іс-әрекет (операция) немесе іс-әрекеттер (операциялар) жиынтығы, оның ішінде, Науқанды өткізу мақсатында Қатысушылардың жеке мәліметтерін жинау, жазу, жүйелеу, жинақтау, сақтау, нақтылау (жаңарту, өзгерту), алу, пайдалану, беру (тарату, ұсыну, қол жеткізу), иесіздендіру, бұғаттау, өшіру, жою.

10.9.Қатысушылар Ұйымдастырушыға жеке мәліметтерін өз еріктерімен бере отырып, субъектінің (субъектілердің) жеке мәліметтерін Заңда көзделген кез келген тәсілмен өңделетініне және Науқанды Ұйымдастырушының, Тапсырыс берушінің, Ұйымдастырушының тапсырмасы бойынша әрекет ететін өзге де серіктестердің Науқанды өткізу мақсатында осындай мәліметтерді тарататынына келісім беретінін растайды.

10.10.Ұйымдастырушы, Тапсырыс беруші және Ұйымдастырушының тапсырмасы бойынша әрекет ететін өзге де серіктестер жеке мәліметтерді рұқсатсыз кіруден қорғаудың қажетті шараларына кепілдік береді. Науқанға қатысу мақсаттары үшін Қатысушылардың хабарлаған жеке мәліметтерінің бәрін Науқанды Ұйымдастырушы, Науқанға Тапсырыс беруші және Науқанды Ұйымдастырушының тапсырмасы бойынша әрекет ететін өзге де серіктестер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес және осы Ережеде көрсетілген кепілдіктерді сақтай отырып, өңдейді және сақтайды.

10.11.Науқанды Ұйымдастырушы, Науқанға Тапсырыс беруші және Науқанды Ұйымдастырушының тапсырмасы бойынша әрекет ететін өзге де серіктестер мынадай ережелерді сақтауға міндетті және жеке мәліметтерді өңдеуге қатысты Қатысушыға мынадай кепілдік береді:

Қазақстан Республикасының жеке мәліметтерді қорғау саласындағы заңнамасының барлық қолданыстағы талаптарын сақтай отырып, оның ішінде Заңда белгіленген қағидаттарды, талаптарды, Тапсырыс берушінің міндеттемелерін, Заңда белгіленген жеке мәліметтерді сақтай отырып, заңда белгіленген жеке мәліметтерді өңдеуді қамтамасыз ету;

жеке мәліметтерді Науқанды өткізу көлемінде және мақсатында, сондай-ақ жарнама мақсаттарында өңдеу;

жеке мәлімет субъектілеріне қандай да бір өнімдер мен қызметтер туралы хабарлау мақсатында, сондай-ақ кез келген басқа да мақсаттарда жеке мәліметтерді пайдалану және өңдеудің басқа да түрлері Заңда көзделген жағдайда және көлемде ғана рұқсат ету;

Науқанды Ұйымдастырушы және/немесе Науқанға Тапсырыс беруші Науқанға Қатысушылардың алдындағы өзінің міндеттерін орындау мақсатында орындауы тиіс болса, олар Науқанға Қатысушылардың жеке мәліметтерін үшінші тұлғаларға беру немесе басқаша ашып беру;

Науқанға Қатысушылардың жеке мәліметтерін Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сәйкес өңдеген жағдайда Науқанға Қатысушылардың жеке мәліметтерінің қауіпсіздігін және құпиялылығын сақтағаны және қамтамасыз еткені үшін жауапты болу.

10.12.Жеке мәліметтерін Ұйымдастырушыға/Тапсырыс берушіге (немесе оның өкіліне) берген Қатысушының және/немесе жеке мәліметтердің өзге де субъектісінің жеке мәліметтерді өңдеуге берген келісімін кері қайтарып алуы тиісті Қатысушының автоматты түрде Науқаннан шығуына әкеп соғады және Науқанның ақша қаражатын алуына мүмкіндік бермейді. Науқанды Ұйымдастырушы Қатысушыға мұндай жүлде беруден бас тартуға құқылы. Жеке мәліметтері Ұйымдастырушыға/Тапсырыс берушіге (немесе оның өкіліне) берілген Қатысушыдан және/немесе жеке мәліметтің өзге де субъектісінен жеке мәліметтерді өңдеуге берген келісімді кері қайтарып алу туралы хабарлама алған сәттен бастап Науқанды Ұйымдастырушы оларды өңдеуді тоқтатуға және Науқанды Ұйымдастырушының тапсырмасы бойынша әрекет ететін тұлғаның мұндай өңдеуді тоқтатуын қамтамасыз етуге, егер жеке мәліметтерді сақтау енді жеке мәліметтерді өңдеу мақсаттары үшін қажет болмаған жағдайда көрсетілген кері қайтарып алу хаты түскен күннен бастап 90 (тоқсан) күннен аспайтын мерзімде жеке мәліметтерді жоюға немесе оларды жоюды қамтамасыз етуге (егер жеке мәліметтерді Науқанды Ұйымдастырушының тапсырмасы бойынша әрекет ететін басқа тұлға іске асырған жағдайда) міндетті.

10.13.Қатысушы өзі туралы мәліметтерді және/немесе өзінің жеке мәліметтерін кім, қандай мақсатта пайдаланғаны туралы ақпаратты көруге құқылы.

10.14.Қатысушылар Әкімшілік немесе Әкімшіліктің атынан серіктестер Пайдаланушыға Әкімшілік өткізетін ынталандырушы шаралар туралы хабарлауға, жеңілдіктер туралы ақпаратты, Пайдаланушының сайттағы арнайы нысанның көмегімен берген ұялы телефон нөміріне смс-хабарлама жолдау арқылы Әкімшілік қызметі туралы жаңалықтарды жолдауға құқылы екендігімен келіседі.

Басқа да жағдайлар

11.1.Осы Ережеде көрсетілген кез келген уақыт Астана уақыты бойынша анықталады.

11.2.Науқанға қатысу Науқанға Қатысушылардың осы Ережелермен келісетіндігін білдіреді.

11.3.Науқанға Қатысушы Науқанды Ұйымдастырушыға тапсырыс берілген пошта жөнелтімімен тиісті өтініш жолдау арқылы кез келген сәтте науқанға қатысудан бас тарта алады. Өтініш еркін нысанда жазылады және онда Қатысушының аты-жөні, жеке куәлік құжатының сериясы мен нөмірі, байланыс телефонының нөмірі көрсетілуі тиіс.

11.4.Ұйымдастырушы Интернет желісіндегі classic-promo.kzНауқан сайтына тиісті ақпаратты жариялау арқылы кез келген сәтте Ережені және Науқанды өткізу мерзімдерін өзгертуге құқылы.

11.5.Ұйымдастырушы телефон байланысы қызметіндегі техникалық ақаулықтар және оның сапасы, Интернет желісімен байланыс, сондай-ақ Интернет-провайдердің жұмыс істеу сапасы үшін, сондай-ақ Ұйымдастырушыға байланыссыз басқа да жағдайлар, сондай-ақ осыған байланысты жағымсыз салдар тудырған басқа да жағдайлар үшін жауапты емес.

11.6.Осы Ережеде қарастырылмаған барлық жағдайлар бойынша Ұйымдастырушы және/немесе Тапсырыс беруші және Науқанға Қатысушы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын, осы Ереженің ажырамас бір бөлігі болып табылатын Құпиялылық саясатын басшылыққа алады.

11.7.Осы Науқанның кез келген аспектісін жоспарланғандай өткізу мүмкін болмаса, оның ішінде Науқанды өткізудің іске асуын, қауіпсіздігін, әділдігін, толықтығын немесе тиісті түрде орындалуын бұрмалайтын немесе соған қатысы бар басқа себеп салдарынан туындаған жағдайда Ұйымдастырушы осы Науқан Ережесіне тиісті өзгерістер енгізу арқылы Науқанды өткізуді өз ұйғарымы бойынша біржақты тәртіппен тоқтатуға, өзгертуге немесе уақытша тоқтатуға, бұл жайында Науқан Сайтына ақпараттық хабарлама жариялау арқылы Қатысушыларға хабарлауға құқылы.

11.8.Науқан мерзімі аяқталғаннан кейін Науқан аяқталған болып саналады.

12. Басқа да жағдайлар:

12.1. Науқанды Ұйымдастырушы:

12.1.1. Науқанға Қатысушылардың Науқанға қатысуға және Жүлде алуға байланысты міндеттерін орындамағаны (уақытында орындамағаны) үшін;

12.1.2. Науқанға Қатысушылардың осы Ережемен таныспағаны, сондай-ақ олардың Науқанды өткізу нәтижелерімен таныспағаны үшін;

12.1.3. пошта қызметінің, байланыс ұйымының кінәсінен, Интернет желісіндегі және/немесе Науқанды өткізген кезде пайдаланылатын байланыс арналарындағы техникалық қиындықтардың және/немесе алаяқтықтың салдарынан Науқанға Қатысушылардан хат, қоңырау, факсимильді және/немесе электронды хабарламалар алмағаны үшін;

12.1.4. Науқанға Қатысушылардың Жүлде алуға қажет құжаттарды және/немесе мәліметтерді алмағаны (уақытында алмағаны) үшін;

12.1.5. Науқанға Қатысушылардан Науқанды өткізу және Жүлде беру мақсатына қажет толық емес және/немесе қате байланыс және/немесе өзге де мәліметтерді алғаны үшін жауапты емес.

12.2. Науқанды Ұйымдастырушы Кодтың белгілі бір тұлғаға тиістілігі туралы дау-дамай туындаған жағдайда оған араласпайды.

13. Науқанның жалпы шарттары:

13.1. Науқан ережелерімен және оны өткізу шарттарымен Науқан Сайтында немесе 8-800-070-69-70 ақпараттық тегін шұғыл байланыс желісі (Қазақстан бойынша тегін) арқылы танысуға болады. Науқанға Қатысушыларды және Кодтарды тіркеу шұғыл байланыс желісі арқылы іске асырылмайды. Тегін ақпараттық шұғыл байланыс желісінің жұмыс режимі Науқанды Ұйымдастырушының ұйғарымы бойынша кез келген уақытта Тапсырыс берушілердің жұмыс режимінен автоақпарат берушілердің жұмыс режиміне өзгертілуі мүмкін.

14. Жауапкершіліктен бас тарту.

Науқанға Тапсырыс беруші белгілі бір түрде Науқанға, Жүлделерге және оларды пайдалануға қатысты бас тартуды білдіретін қандай да бір растаулар мен кепілдіктерден бас тартады. Қандай жағдай болмасын, тіпті, Науқанға Тапсырыс берушіге залалдың туындауы мүмкін екендігі туралы хабарланса да, Науқанға Тапсырыс беруші осы Науқан аясында Науқанның Интернет-сайтында ақпаратты кез келген пайдалану, Науқанды Ұйымдастырушының, Науқан Операторының, Тупоператорлардың әрекеті немесе әрекетсіздігі, тәуелділіктің туындауы, өнімділіктің төмендеуі, жұмыстан шығу немесе еңбек белсенділігінің уақытша тоқтауы, сондай-ақ оқу мекемесінен шығару, кез келген жіберіп алған пайда, шаруашылық қызметінің уақытша тоқтауы нәтижесінде болатын қандай да бір тікелей, тікелей емес, ерекше немесе басқа да жанама залал үшін бірде-бір тараптың алдында жауапты болмайды.